Труды преподавательско-профессорского состава 2020 года
Жолдасбекова А.А., Сахиева Ф.А. Басқару психологиясы.
Бұл оқулықта басқару психологиясы пәнінің зерттейтін теориялық мәселелері мен басқару психологиясының заңдылықтары, «Басшы-бағынушы» арасындағы қарым-қатынас психологиясы, басқару жұмысындағы мотивтер және мотивация, басқару үрдісінің психологиясы, жауапкершілік психологиясы, басқару және ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдай қарастырылады.
Оқулық жоғары оқу орнының магистранттарына арналған.
Подробнее
Сихынбаева Ж.С., Жолдасбеков А.А., Жумабеков Р.Қ. Әлеуметтік педагогика.
Бұл оқулықта әлеуметтік педагогика пәнінің зерттейтін мәселелері мен адамның әлеуметтенуінің және оның қоғамға бейімделуінің педагогикалық аспектілері, әлеуметтік педагогиканың даму тарихы, жеке тұлғаның әлеуметтенуі және оған әсер етуші факторлар, әлеуметтік педагогикадағы қалыптан ауытқу түсініктері және қоғамдық әлеуметтік мәселелер және әлеуметтік-педагогикалық қызмет түсінігі, әдістемесі мен технологиясы қарастырылады.
Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.
Подробнее
Кенжебекова Р.И. Бастауыш сынып математикасынан сыныптан тыс жұмыстар: теориясы мен әдістемесі.
Оқу құралы бастауыш сынып математиткасынан сыныптан тыс жұмыстар: теориясы мен әдістемесі 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттеріне бастауыш мектепте математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарды оқудан жүйелі білім беруге, оның негізгі мәселелерімен таныстыруға, сыныптан тыс оқу жұмыстарының нақты тақырыптары айшықталып, өтілу әдіс-тәсілдері мен теориясы қарастырылған. Олар нақты мысалдармен дәлелденген.
Оқу құралын 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері, магистранттары мен оқытушылары, бастауыш мектептің мұғалімдері, ата-аналар мен қалың оқырман қауым пайдалана алады.
Подробнее
Made on
Tilda