Байбекова М.М., Қозыбаев Е.Ш., Сихынбаева Ж.С., Кикілжің психологиясы.
Бұл оқу құралында кикілжіңдер туралы ғылыми әрі қолданбалы білімдер жүйелі түрде беріледі. Конфликтология негізінің қалыптасуына тарихи шолу жасаумен, кикілжің пәні мен ғылымның зерттеу мақсат-міндеттеріне тоқталумен басталады. Кикілжіңдік қақтығысуларды реттеу мен ескерту, кикілжің жағдайларда мінез-құлық стильдерін таңдай білу, кикілжіңдерді тиімді басқаруға жағдайлар жасау мәселелеріне үлкен мән беріледі.
Оқу құралында кикілжің психологиясы ғылымының қыр-сырлары қарастырылып, тест сұрақтары, жаңа терминдер мен ұғымдар беріледі. Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.